Бокстан Әлем чемпионы Галиб Джафаров жаңа басшылық қызметке тағайындалды

2003 жылы Тайландта өткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Галиб Джафаров Ақтөбе облысына қарасты «Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдер облыстық мамандандырылған спорт мектебі» ММ-нің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов жаңа басшыны спорт мектебінің ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тағайындау барысында Галиб Джафаров өзіне артылған жауапкершілікті сезінетінін және жүктелген міндеттерді орындайтынын айтып, басқарма басшынының сенімділігіне ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Галиб Джафаров бұл қызметке дейін БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» ММ директоры лауазымын атқарған болатын.

Пікір қалдырыңыз