Ақтөбе тұрғыны бір түнде 5 автокөліктің терезесін қиратып, құжаттарын әкеткен

Көрнекі фото: zaomos.news

Тәртіп сақшылары бір түнде бес автокөліктің терезесін сындырып, құжаттарын әкеткен 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бұзақыға көліктердің терезелерін сындыруға небары екі сағат уақыт жеткілікті болған.

Бүгінде аталған жайтқа қатысты сот алды тергеу басталды. Ұсталған адамның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз