Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық компаниясы меморандумға қол қойды

Ақтөбеге 870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін тағы 2 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ақтөбеліктердің тұрғын үй мәселесін шешуге арналған маңызды меморандумға қол қойылды.

«Бұл біздің халық үшін үлкен көмек. «Баспана» АҚ мен Ұлттық банк көмектесіп, қосымша қаржы бөледі», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Ұлттық банкке Қазақстан бойынша 26 миллиард теңгенің өтініші түсті. Оның 18 миллиард теңге болатын несиесі мақұлданды.

«Нұр Отан» партиясының тапсырмасымен «Жас арман» және «Қамқор баспана» бағдарламасы енгізілді. Барлығы 2 миллиард теңге баспанаға беріліп отыр. Бұл адамдардың баспаналы болуына септігін тигізеді», — деді «Баспана» ипотекалық компаниясының директоры Қайрат Алтынбеков.

Негізінен бұл бағдарлама бойынша көпбалалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыға көмек беріледі. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер де бар.

Пікір қалдырыңыз