Жазылған жайдың жаңғырығы: Темір ауданы әкімдігі жауап береді

«Aktobenews» ақпараттық порталында жарияланған «Темір ауданында кәріз құбырлары істен шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары әкімдік қызметкерлерінен қайыр болмай отырғанын айтады» тақырыбындағы ақпаратқа төмендегідей жауап береміз.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабының 24) тармақшасында баспалдақтар, төбелер, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар ортақ мүлікке жатқызылған.
Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірнеше рет тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, көпқабатты үйдің тұрғындарына «кондоминиум» құру қажеттілігі және тұрғын үйді күтіп ұстауда оның тиімділігі туралы түсіндіріліп келеді.
Алайда, тұрғындарда белсенділік төмен.
Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты түрде көпқабатты үйдің кәріз жүйесін тазарту, қоқыстарын шығарып беру және т.б. жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Мақала жарияланған күні көпқабатты үйдің подвалындағы қоқыстар, кәріз жүйесі тазартылды.

Пікір қалдырыңыз