Ақтөбеде мектеп оқушылары түнгі мезгілде бильярд ойнап жүр

Бұл туралы облыстық жастар басқармасының басшысы хабарлады. БАҚ өкілдеріне ерікті студенттерден құралған «Жас сақшы» тобының жұмысын түсіндірген жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы балаларын түнгі мезгілде қараусыз жіберетін ата-аналардың азаймай отырғанын айтты.

«Осы «Жас сақшы» студенттер қауымдастығының көмегімен жоғары және арнаулы оқу орындарының жатақханаларын қадағалайтын боламыз. Алдағы аптада медициналық университеттің жатақханасына барамыз. Онда жатақханаларға жасалған жөндеу жұмыстарын қаралады. Медициналық университетте жаңа жатақхананың құрылысы қолға алынып жатыр. Бұл оқу орнында жатақханаларды электронды бөлу де жақсы қойылған», — дейді облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Күнтуов.

Жас сақшылар көңіл көтеру орындарында жүрген мектеп оқушыларын кездестірген.

«Жас сақшы» тобының рейдтік жұмысы кешкі сағат 11-ден басталып, түнгі 1-ге дейін жалғасады. «Жас сақшы» жұмысына әкімдік тарапынан қолдау білдіріп, автобус бөлінеді. Кеше жасөспірімдердің бильярд залында жүргенін көрдік. Мектеп оқушылары түнде бильярд ойнап жүр. Балалар үшін бұл қауіпті», — дейді Күнтуов.

Пікір қалдырыңыз