Ақтөбе облысында киелі орындар қатарына кірген Есет батыр мазарының айналасын кәсіпкерлер абаттандырып жатыр

Жергілікті кәсіпкерлер мазардың айналасын көркейту үшін миллиондап ақша жұмсап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтыр Есет батырдың 350 жылдығына «Актеп» шаруа қожалығы батырдың ескерткішін орнатып берген болатын. Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қонжардың айтуынша, қазірдің өзінде кәсіпкерлер киелі жерді көркейтуде демеушілік көмектерін аямай жатыр.

«Рахип Азизов мазарға баратын жолға 13 миллион теңгеге арка салып жатыр. Кәсіпкер Гайк Тертерян келген адамдарға арналған орындықтар жасап берді. Бұдан бөлек, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Алға ауданының тумасы Константин Машков 20 миллион теңгеге мазарға баратын жолды асфальттап берді», — деді аудан әкімінің орынбасары.

Әнуарбек Қонжардың айтуынша, қазіргі күні Есет батыр мазарының айналасы адам танымастай өзгеріп көркейген.

«Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар көптеп келіп жатыр», — дейді ол.

Пікір қалдырыңыз