Еліміздегі жалғыз ислам университетіне ақтөбелік 8 талапкер грантқа түсті

Биыл «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне 28 ақтөбелік құжат тапсырған болатын. Соның ішінде 8-і мемлекеттік грант ұтып алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Одан бөлек облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен қосымша 100 білім гранты бөлінді. Соның ішінде, 3 орын діни кадр дайындауға бағытталған. Осылайша, облыс бойынша үш талапкер «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану және дінтану мамандықтарын меңгеруге мүмкіндік алып отыр.

Бір ескерерлігі, білім алған жас мамандар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті.

Пікір қалдырыңыз