Ақтөбеде алғаш рет грек-рим және еркін күрес бойынша флешмоб ұйымдастырылады

Спорт күндеріне орай өткелі жатқан аталмыш шараға таңдаулы балуандар мен жаттықтырушылар қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басты мақсат күрес түрлерін халыққа кеңінен насихаттау.

«Бұл бастаманы мамандармен ақылдасып шештік. Бізде мықты балуандарды дайындаған жақсы күрес мектептері бар. Сол жұмыстарды халыққа кеңінен насихаттау мақсатында адамдар көп жиналатын орын Тұңғыш Президент саябағын таңдап алдық. 10 немесе 12 кілем жайып, үздік деген 150 спортшы мен жаттықтырушылары өз өнерлерін көрсетеді. Жаңа оқу жылында балаларын спортқа бергісі келіп екі ойлы болып жүрген ата-аналарға үлкен сенім болар еді», — дейді Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Флешмоб 16 тамыз күні сағат 19.00-де Тұңғыш Президент атындағы саябақта өтеді.

Пікір қалдырыңыз