Ақтөбе облысының атышулы аудандарында 2,5 мыңнан астам бала екпе алмаған

Екпе алмаған балалардың дені Темір, Байғанин, Алға және Мұғалжар аудандарында тұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Aqtobe телеарнасына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев денсаулық сақтау саласындағы бірқатар проблемаларды жоюға тапсырма берді.

Облыста 2608 бала екпе алмаған. Олардың ата-аналары түрлі себептермен балаға екпе салдырудан бастартып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір әрбір емдеу мекемесінде осы мәселеге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев дәрігерлерге бұл жағдайдың себептерін анықтауды және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Пікір қалдырыңыз