«Ақтөбе достарын шақырады»: Өңірде Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік шаралар өтеді

Алдағы демалыс күндері Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы «Ақтөбе достарын шақырады» атты халықаралық жастар күнін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сенбі күні қалалық саябақтарда сенбілік ұйымдастырылады, Қурайлы ауылындағы өрттен зардап шеккен отбасына көмек көрсетіледі.

Шараға Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Атырау облыстары, Орал, Арал, Балқаш қалалары мен өңір аудандарының жастары қатысады.

Абат Айымбетов бастаған «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары мен жастар арасында футболдан жолдастық кездесу өтеді.

Жастар мерекесі ҚР Тұңғыш Президенті саябағында қорытындыланады. Үздік жастар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікір қалдырыңыз