Ақша айырбастау орындарында доллар 358 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 358 теңгеге жетті. Бұл туралы Kurs.kz сайтында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осылайша, теңге қазір 356-358 теңге аралығында саудаланып жатыр. Еске сала кетейік, 9 тамыздағы биржа саудасында ұлттық валюта долларына 355,38 теңгеге дейін әлсіреген болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атаған болатын.

Пікір қалдырыңыз