Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мың теңге

Қажылықты ұйымдастыру мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кəлетаевтың айтуынша, қажылықты ұйымдастыру үшін құрамында ҚМДБ, БАҚ, Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бар комиссия құрылды.

Биыл қажылыққа баруға 3 мың адамға квота бөлінген. Олар Сауд Арабиясына 9-15 тамыз аралығында барып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.

ҚМДБ мәліметі бойынша, қажылықты ұйымдастыруға 18 қазақстандық туристік компания бекітілді.

Екпе алу мəселесі де назардан тыс қалмады. Биыл қазақстандық бес қаланың сегіз медициналық орталығында бір мезгілде екпе егеді. Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мың теңге.

Пікір қалдырыңыз