«Бақытты бала»: Ақтөбенің дарынды балалары Татарстандағы робототехника фестиваліне қатысады

«Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбенің 5 дарынды баласы «Бәйтік» компьютерлік лагеріне жолдама алды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.

Бүгін 5 дарынды оқушы «Робот, стартқа!» робототехникалық фестивальге қатысу үшін Татарстан Республикасы Қазан қаласына аттанды. Олар 15 күн бойы компьютерлік модель, робот, бағдарлама жасауды үйренеді.

Пікір қалдырыңыз