«Бақытты бала»: Ақтөбе облысында «ерекше балаларды» сауықтыру лагері ашылады

Көрнекі сурет: getafetelevision.com

«Бақытты бала» жобасы Алға ауданы Бестамақ ауылы маңында «Күншуақ» балалар сауықтыру лагері ашылады деп жоспарланып отыр. Заманауи демалыс орнында «ерекше балаларды» да сауықтыруға мүмкіндіктер қарастырылған.

Демалыс орнының аумағында 8 тұрғын үй корпусы,асхана,клуб,монша,спорттық алаңдары бар. Өз кезегінде, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік көрсетіп, лагерге арнайы құралдар алып берді, спорт алаңдары орнатылды.

Болашақта лагерь жыл он екі ай жұмыс істеуі мүмкін.

 

Пікір қалдырыңыз