Ақтөбеде дәрігерлер перзентхана қабырғасындағы жазуларды өшіре алмай әлек (ФОТО)

Бақыттан басы айналған әкелер перзентхана қабырғасын бояп кетуді доғарар емес. Мұның дұрыс еместігін сан мәрте айтқан дәрігерлер қолды бір сілтеген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өз алғысы мен қуанышын қабырғаға жазатын әкелердің әрекетін дәрігерлер қолдамайды.

«Әйелі босанғаннан кейін қуанған күйеуі алғысын қалай жеткізерін білмейді. Қабырғаны бояп кетеді. Бұл дұрыс емес негізі. Кейбір жас әкелер терезенің түбіне келіп, айқайлап тұрып алады. Реанимацияда басқа адамдар жатқанын айтамыз. Түсінгендері кетіп қалады», — дейді облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анар Әмірқұлова.

Пікір қалдырыңыз