Жапонияда нөсер салдарынан құрбан болғандар саны 204 адамға жетті

Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны, лай көшкіні салдарынан Жапонияда қаза тапқандар саны 204 адамға жетті. Бұл туралы жұма күні елдің бас полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Kyodo агенттігінің дерегі бойынша, 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалған және байланысқа шықпаған. Жергілікті жедел қызмет полициясы елдің өзін-өзі қорғау күштері сарбаздарының қолдауымен іздеу және құтқару операцияларын жүргізіп жатыр.

Өткен аптаның ортасында Жапонияға төнген «Прапирун» дауылы алапат нөсерді қоса әкелген болатын. Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті. Мұншалықты алапат нөсер 1953 жылдан бері байқалмаған болатын. Ол кезде Жапонияның батысындағы Кюсю аралында 759 адам қаза тауып, 450 мыңнан астам адам баспанасыз қалған болатын.

Пікір қалдырыңыз