Ұлттық экономика министрі Ақтөбеде интернет дүкен ашуды тапсырды

Ақтөбенің экономикалық мүмкіндіктері мен жағдайын айтқан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өңірде интернет дүкен саласын дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламалардың бәрі сәтті іске асырылып жатыр. Мәселен, денсаулық, туризм, сауда және ауыл шаруашылығы саласында инвестиция тарту артып отыр. Нәтижесінде облыс бойынша 10,6 пайыздық өсім тіркелді.

«Шағын және орта бизнес аласында үлкен жұмыстар атқарылды. Қаржылық айналымы жылына 2 миллион теңгені құрайтын шағын және орта бизнес республикада 28 пайызды құрайды, ал облыста бұл көрсеткіш жоғары. Өндірісті аймақта бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға болады», — деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Ақтөбе, Атырау, БҚО-дағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен жергілікті биліктің бизнеске қаржы бөлуін сарапқа алған министрлік өңірлердегі жағдайдың бірқалыпты екенін жеткізді. Бірақ Ақтөбеде ШОБ шығаратын өнім аз болып тұр. Жиын кезінде тағы бір саланы дамытуға тапсырма берілді.

«Ақтөбе төртінші мегаполиске айналады. Сондықтан жоспар бойынша 10 интернет дүкенін ашу жоспарланды. Әзірге тек 1 интернет дүкен ашылған. Сондықтан әкімдік пен министрлік бірге жұмыс істейді», — деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Пікір қалдырыңыз