Қарғалы ауылындағы «Азаматтарға арналаған үкімет» ЭКСПО ғимаратына көшті

Бұрынғы халыққа қызмет көрсету орталығының №3 қалалық бөлімі мекенжайын ауыстырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсететін мекеме «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы ЭКСПО ғимаратына ауысты. Оған №52, 2, 29 бағыттағы автобустар барады.

Мекеме мемлекеттік қызметтерді бұрынғы тәртіппен көрсете береді. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін. Түскі үзіліс жоқ.

Пікір қалдырыңыз