Ақтөбеде жас жұбайлар арасында ажырасу саны азайып, күйеуінің тегіне ауысатындар көбейген

Хал ақтілерін тіркеу органдары Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасында некелесушілер санының артқанын хабарлайды.

АХАТ мәліметінше, Ақтөбеде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың ажырасу көрсеткіші 20 пайызға азайып отыр. Былтыр керісінше, бұл көрсеткіш артқан болатын.

«Шетел азаматтарымен некеге отыру жайттары да сиреп барады. 23 пайызға кеміген. Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасында некеге отыратындар жиі кезігеді», — дейді қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Валентина Мамбетова.

Биыл сонымен қатар, жолдасының тегіне өтетін қалыңдықтар саны да көбейген.

Пікір қалдырыңыз