Ақтөбеде суға түсу маусымы ашылғалы төрт адам суға кеткен

Қаладағы судан құтқару қызметі тұрғындарға ескерту жасады. Мамандар әлі күнге дейін жағажайларда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.

«Биыл бізде алты адам суға кетті. Оның екеуі сәуір айында тіркелді. Суға шомылу маусымы басталғалы төрт адамның денесі судан шығарылды. Барлығы да ересек адамдар. Үш адамды судан құтқарып алдық. Осындай жағдайларға қарамастан қауіпсіздікті сақтамайтындар саны азаймай отыр. Тұрғындардың дені әлі күнге дейін тыйым салынған орындарға барып шомылады», — дейді облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің басшысы Оксана Кичигина.

Бүгінде судан құтқару қызметі полицейлермен бірге рейд жұмыстарын жасап жүр. Енді тыйым салынған орындарда суға шомылғандар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Пікір қалдырыңыз