Ақтөбе облысында қазақтар балаларына Маймуна, Сэманур, Адэлина, Абдуллазииз есімдерін қоя бастады

Өткен жылдың алты айымен салыстырғанда биыл жыл басталғалы бала туу көрсеткіші төрт пайызға артқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

АХАТ қызметкерлерінің хабарлауынша, соңғы алты айда қойылған қызықты есімдер қатарында Маймуна, Сэманур, Адэлина, Абдуллазииз есімдерін атауға болады. Бұл сәбилердің ата-аналары қазақ ұлтынан екенін де айта кетті.

«Осы жылы ер балаларға Мансұр, Әли, Әлихан сынды қазақы аттар көп қойылған. Ал, қыздар арасында Аяулым, Кәусар, Айша, Айзере сынды есімдер жиі кездеседі. Жыл басынан бері 6471 сәби дүниеге келді. Өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда көрсеткіш төрт пайызға артып отыр. Бұл қуанарлық жағдай», — дейді Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Валентина Мамбетова.

Пікір қалдырыңыз