Жапонияда су апатынан жүздеген адам қаза тапты

Жапония үкіметі 10 шілдеде елдегі су тасқынынан 156 адамның қаза тапқанын хабарлады. Жергілікті NHK телеарнасының мәлімдеуінше, Эноки өзені арнасынан тасыған. Хиросима тұрғындарына әлі де қауіп төніп тұр , деп хабарлайды Азаттық.

Жапониядағы «Прапирун» тайфуны шілденің 5-і басталған. Содан бері 11 мыңнан көп адам эвакуацияланды. Билік тағы екі миллионға жуық тұрғынды көшіру қажетін хабарлады.

Су тасқыны жер үйлерді бұзып, жолдар мен электр желілеріне зақым келтірді. Мыңдаған үй жарықсыз отыр. Әсіресе Хиросима, Окиама және Эхиме аймақтарындағы біраз ғимарат қираған.

Қазір жаңбыр тоқтаған соң құтқарушылар жол мен электр желілерін жөндеуді бастаған. Тұрғындар да өз күшімен бұзылған үйлерін қалпына келтіруге кірісіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз