Ақтөбеде құстай ұшқан автокөліктер жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырып келеді

Ақтөбеде құстай ұшқан автокөліктер жаяу жүргіншілердің зәресін ұшырып келеді. Тек соңғы үш тәулікте жылдамдығын шамадан тыс асырған 200-ге тарта жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, өңірде «Жаяу жүргінші жолына назар аударыңыз» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсаты – жол қозғалысын қадағалау және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Соңғы үш тәулікте жол ережесін бұзған 818 жүргізуші жауапқа тартылды. Оның 22-сі рөлге мас күйінде отырған. 26 көлік иесі жаяу адамдарға жол бермеген. 188 көлік жылдамдықты асырған.

Пікір қалдырыңыз