Ақтөбе облысының Хромтау ауданында алғашқы ұлттық валюталардың көрмесі өтті

Елорданың 20 жылдығына орай «Елімнің жүрегі Астана» тақырыбында фотокөрме болып өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Фотокөрмеде Астананың зәулім архитектуралық туындыларымен қатар нумизматика коллекциялары бойынша Қазақстанның алғашқы валютасы теңге мен тиындар ұсынылды.

Астананың 10 жылдығына берілген мерекелік сыйлықтар, 1960-1987 жылдардағы атаулы төсбелгілер де қойылды.

Жылжымалы көрмеге тақырыптық экскурсия жасалды. Аудан әкімі, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары көрмені тамашалады.

Пікір қалдырыңыз