Өз елінде адам өлтірген өзбек азаматы Ақтөбе арқылы Ресей аспақ болған жерінен ұсталды

Көрнекі сурет: sq.com.ua

Ақтөбелік полицейлер адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«3 шілде күні Өзбекстанның Ферғана облысы Шұңқыр ауылында адам өлімі тіркелді. Өзбекстанның 28 жастағы тұрғыны 30 жастағы адамды өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. ІІД Криминалдық полиция басқармасы өзбекстандық әріптестерінен хабарлама алып, жедел іздестіру шарасын өткізді. Өзбекстан азаматы Қазақстаннан Ресейге өтпек болған жерінен ұсталды. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз