Мал шаруашылығымен айналысатын ақтөбелік мемлекеттік грант алудың жолын білмей жүр

Көрнекі сурет: Kapital.kz

Ақтөбе қаласының тұрғыны мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдап, жерді жалға алды. Кәсіпкер мемлекеттің грант алудың жолын білмей, шаруашылық базасына электр тогін жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Самал Төлеубаева мұғалім болып жұмыс істейді. Отбасындағы бір табысқа қарап отырмай, жаңа істі бастауға шешім қабылдады. Сөйтіп, отағасы мал шаруашылығын дамытуды қолға алып, қала маңындағы Ақшат ауылынан жер алды. Қазір бұл жерге қора, тұратын шағын үй салып жатыр. Бірақ инженерлік желісі мүлдем жоқ.

«Мал шаруашылығын дамыту үшін жерді жалға алдық. Жарық, су, газ жеткізу үшін бізге көмек керек. Көп адамның есігін қағып, табалдырығын тоздырдым. Әрі мемлекеттік грант та беріледі екен. Бұл туралы естімедім. Менің қаржылық институттарға барып, көмек сұрап жүргенімді бәрі біледі, олар білсе де айтпай отыр», — деді кәсіпкер Самал Төлеубаева.

Кәсіпкердің айтуынша, бір істі бірге бастаған өзге кәсіпкердің жалдамалы жеріне коммуналдық желілер тартылған. Ал өзіне тиесілі жерді игеруге бәрі құлықсыз болып отыр.

«Мемлекеттен жалдамалы жерді ғана алдым. Ірі қара малды өз ақшама сатып алып, көбейтуді көздеп отырмын. Осы кезде бір қолдау бола ма деген үмітпен көмек сұрадым. Бірақ ешкім жоқ, бәрінен күдер үздім», — деді кәсіпкер.

Пікір қалдырыңыз