Ақтөбеліктердің Астанаға тартуы: «Бейбітшілік қабырғасы» тамыз айының соңында пайдалануға беріледі

Ақтөбенің Астанаға тартуы — «Бейбітшілік қабырғасы» 29 тамыз — Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күнінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдіктен тараған мәліметтерге сүйенсек, нысан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» антиядролық манифесті идеясына негізделген.

«Бейбітшілік қабырғасы» жобасының құны 1,5 млрд теңге. Жергілікті бизнесмендер қаржылып қолдау танытып отыр. Нысан құрылысын BI Group компаниясының еншілес ұйымы жүргізеді.

Жапырақ үлгісіндегі кешен Тәуелсіздік алаңы мен Бейбітшілік жжәне келісім сарайының арасымен өтеді.

Пікір қалдырыңыз