«Абай-Верн» стипендиясының иегері атанған ақтөбелік магистрант Францияда білім алмақ

Франциядағы Тур қаласы

Ақтөбедегі Жұбанов университеті физмат факультетінің магистранті Айдана Нұрмұханова Абай-Верн бағдарламасы стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Енді ол Тур қаласындағы Франсуа Рабле университетінде «Фундаментальды физика» мамандығы бойынша білім алады. Сертификатты табыстау рәсімі Сорбонна-Қазақстан Институтында 9 шілде күні Қазақстандағы Франция Елшісі, ҚР БҒМ Жауапты хатшысы мен ҚР Ғылым академиясы президентінің қатысуымен өтті», — деп хабарлайды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ баспасөз қызметінен.

«Абай-Верн» стипендия бағдарламасы – екі мемлекет арасындағы келісімнің нәтижесі. Бағдарламаның негізгі мақсаты — жоғары білім саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлауда Қазақстан-Франция арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Пікір қалдырыңыз