«Бақытты бала»: Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тегін жағажай ашылды

Көрнекі сурет: moirebenok.ua

«Бақытты бала» жобасы аясында бой көтерген демалыс орны аудан мекемелері мен мектептерінің күшімен жасақталған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өзеннің асты тазаланып, арнайы ескертпе белдеулермен қоршалған. Балалардың шомылатын жерінде су добы ойынының қақпасы қойылып, ересектер үшін жағажай волейболының алаңы жасақталған.

Көпірдің астындағы тіреулерге ертегі кейіпкерлері бейнеленiп, жағажайда демалушыларға барлық жағдай жасалған. Ұлдар мен қыздардың арнаулы киім ауыстыратын орны мен демалушыларға сая болар шатырлар да бар.

Ең алғашқы рет ашылып жатқан тегін демалыс орнының құрылысына ауданға қарасты жеті ауылдық округ те өз үлестерін қосқан.

Пікір қалдырыңыз