Ақтөбеде жол сапасына байланысты 125 лауазымды қызметкер жауапкершілікке тартылды

Жол күтімінің талаптарын орындамағаны үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Ақтөбелік полицейлер 6 айдың ішінде 21 мың шақырымнан астам жолды тексерді. Нәтижесінде мыңнан аса нұсқама жазылды. Сондай-ақ, жол күтіміне қатысты өз міндетін дұрыс орындамаған 125 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.