Ақтөбеліктер Астананың 20 жылдық мерекесін екі күн тойлайды

Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар 6-7 шілде күндері өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, 6 шілде (жұма күні) «Еуразия айтөресі — Астана!» атты Қазақстан Республикасының Елордасы Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық демалыс саябағында кешкі сағат 19.00 өтеді. Осы жерде сағат 23.00-де мерекелік отшашу тамашаланады.

7 шілде (сенбі күні) сағат 19.00-ден бастап мерекелік бағдарламалар Батыс 2 ауданындағы «Шығармашылық академиясында», А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағында, «Ретро» демалыс саябағында өтеді.

«7 шілде (сенбі күні) Ақтөбеде Шалқар ауданының күндері өтеді. Сағат 09.00 «Табыс» коммуналдық базарында Шалқар ауданының шаруашылықтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Сағат 20.00-де ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық демалыс саябағында Шалқар ауданының мерекелік бағдарламасы өтеді», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз