«Ақтөбе» футбол клубы берешек болып қалған үш адам қарыздарынан бас тартты

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы екі ойыншысы мен бұрынғы бапкерінің клубтан ала алмай келген қарыздарын кешетіндіктері белгілі болды. Андрей мен Дмитрий Мирошниченколар, сонымен бірге Виктор Дмитренко клубқа қарсы өткізген талап арыздарын кейін қайтарып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезінде «Актюбинец» сапында ойнап, кейін ұзақ жылдар бойы команда құрамында еңбек еткен Андрей Мирошниченко мән-жайды өзі түсіндірді.

«Біріншіден «Ақтөбе» клубының мен үшін бөтен еместігін айтқым келеді. Мен ойыншы ретінде бұл командада жақсы кезеңімді бастан кешірдім. Қазіргі уақытта клубтың қандай қиын жағдайда қалғанын жақсы білемін. Сондықтан да маған қарыз болып қалған клубтың қарызын кешіру дұрыс деп шештім. Сонымен қатар, мен ұлыммен сөйлестім. Ақтөбе Диманың туған қаласы. Ал «Ақтөбе» оған үлкен футболға жол ашты. Сондықтан да Дима менің ұсынысымды құп көріп, барлық алажақтарынан бас тартты. Мен оған қоса Витя Дмитренкомен сөйлестім. Ол да бізге еріп, ақтөбеліктерге қатысты талаптарын қайтарып алды», деді Андрей Геннадьевич.

Пікір қалдырыңыз