Жас шенеунік Ұшқын Мыңбаев Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Ұшқын Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Ұшқын Мыңбаев Ақтөбе облысының Темір ауданында жұмыс істеп, облыс орталығына ауысқан болатын. Арада 2 жыл өткенде қала әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалған Ұшқын Мыңбаевта арнайы тапсырмалар жүктейтінін жеткізді.
Ұшқын Мыңбаев 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженер-техник мамандығы, Қазақ-орыс халықаралық университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.
Қызмет жолын «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-тің геодезисі, инженер-геодезист болып бастады. Кейін Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшы болды. 2015 жылдың маусым айынан күні бүгінге дейін Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінде басшы қызметін атқарды.

Пікір қалдырыңыз