Ақтөбеде екінші деңгейлі банктің бөлімшесі ашылды

Ақтөбеде екінші деңгейлі банктің бөлімшесі ашылды. Банктің ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жаңғырту кезінде банк заман талабына сай жұмыс істеп, кәсіпкерлерді қолдауы керек. Клиенттерге де жағдай жасау маңызды. Ақтөбеде 20-дан астам банк филиалы бар. Барлығын қолдаймыз. Форте банк өңір экономикасын дамыту үшін көп жұмыс істеп жатыр. Несие қоры 20 миллиард теңгеге жуық. Оның тең жартысы шағын және орта бизнеске арналған. Сонымен қатар, банк мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға үлес қосып отыр. Өткен жылы 4 миллиардқа жуық несие беріп, көмектесті», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жаңа бөлімшенің ашылуы кезінде екінші деңгейлі банк пен әкімдік арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

«Өткен жылы 8 өңірде бөлімше ашылды. Биыл алғаш боп Ақтөбе қаласында ашып отырмыз. Сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге әзірміз», — деді банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

Пікір қалдырыңыз