Ақтөбе қалалық спорт бөлімінің басшысы «Темір адам» атанды

Астана қаласында өткізілген әлемдік мәре Ironman 70.3 шарасына ақтөбеліктер де қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елордада өткен халықаралық триатлон жарысында 47 елден 1300-ге жуық спортшы келіп бағын сынады. Байқау шарты бойынша 1,9 км жүзу, 90,1 км велоэтап, 21,1 км жүгіру керек. Ал, жалпы қашықтығы — 113,1 км құрады.

Облыс атынан қатысқан Евгений Гончаров, Владимир Михайлов, Андрей Сенацкий, Қайрат Қадыров, Руслан Шамырханов, Ұлан Төремұратов, Денис Артеменко жақсы нәтиже көрсетіп «жартылай темір адам» атағын алды.

Командаластарын құттықтаған қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров аталмыш сайыстың еке есе қиындатылған кезеңі бар екенін айтты.

Пікір қалдырыңыз