Кеңес Нокин ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақтөбенің Кеңес Нокин ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория іске қосылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұған дейін ескі ғимаратта отырған дәрігерлер енді дертіне дауа іздеп келген адамдарға жан-жақты көмек бере алады.

«Кеңес Нокин ауылында 7300-ден астам адам тұрады. Дәрігерлер бұған дейін 30 жыл бұрын салынған ғимаратта тұрғындарды қабылдаса, бүгін жаңа нысан ашылды. Мұнда үш жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатор, акушер-гинеколог қабылдау жүргізеді. Барлығы 20 адам жұмыспен қамтылды. Күндізгі стационарда ем қабылдауға болады»,- Қарғалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Алтынбек Жаңабаев.

Дәрігерлік амбулатория мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылды. Ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, медицина саласында атқарылып жатқан оң істерді атап өтті.

«Әрбір адам үшін денсаулық керек. Денсаулық болса отбасында, елде алға жылжу, жақсылық, қуаныш болды. Кеңес үкіметі кезінде адамдардың өмір сүру ұзақтығы 60 жастан аспаған еді, қазір 73 жыл 8 айға жетті. Біз 2020 жылға дейін Ақтөбе өңіріндегі барлық ауылға медициналық мекеме саламыз. Соның бірі Нокин ауылында ашылып отыр»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз