Бақытты бала: Оңтүстік Кореяның дәрігері екі ақтөбелік баланың есепшотына ақша салды

Ақтөбеге күрделі ота жасауға келген Оңтүстік Корея, Енсе медициналық университетінің профессоры Чанг Хан Сок екі жетім баланың есепшотын толықтырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде бүгін медицина қызметкерлері күні кең көлемде атап өткіліп жатыр. Кеңес Нокин ауылында дәрігерлік амбулатория ашылып, Денсаулық саябағында арнайы стелла қойылды. Стелланың ашылуына қатысқан профессор Чанг Хан Сок ақтөбелік дәрігерлерді құттықтап, екі жетім баланың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотына ақша салды.

«Біздің ортақ мақсатымыз – адамдардың өмірін құтқару. Біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау білдірсек мақсатымызға жетеміз. Екі ел арасындағы байланыстың нығаюы үшін қолдан келген көмегімізді береміз»,- деді профессор Чанг Хан Сок.

Айта кетейік, Чанг Хан Сок қалқанша безіне ота жасап жатыр. Қазіргі кезде ақтөбелік дәрігерлер тәжірибе жинақтап, жаңа технологияны меңгеруді қолға алды.

Пікір қалдырыңыз