Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелген

Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 13 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 21 жағдай. Оның 12-сі өліммен аяқталған.

«Алматы қаласында — 6 жағдай, Алматы облысында — 3 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында — 2 жағдай және Қызылорда облысында — 1 жағдай. Бұрын жыл басынан бері республикада 13 өлім жағдайы туралы мәлімделген болатын. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр.», — делінген хабарламада.

Биылдың 13 маусымдағы сағат 9:00 жағдай бойынша, зертханалық зерттеулер нәтижесінде Алматы облысында қайтыс болған бір адамда менингококк инфекциясы расталмағаны айтылады.

Пікір қалдырыңыз