Ілияс Испанов Орынборда мектеп балаларын тамақтандыру комбинаттарының жұмысымен танысты

Ілияс Испанов Орынборда «Огонёк» және «Подросток» мектеп балаларын тамақтандыру комбинаттарының жұмысымен танысты.

«Огонек» мектеп балаларын тамақтандыру комбинаты» муниципиалдық кәсіпорнын Орынбор қаласының мүлкін басқару комитеті ашқан, заңды тұлға ретінде 1992 жылы 12 қарашада тіркелген.

2003 жылдың мамырында заңдылықтарға сәйкестендіріліп, «Огонек» мектеп балаларын тамақтандыру комбинаты» муниципиалдық біртұтас кәсіпорыны деп аталды.

Осы кезең ішінде комбинат тұрақты дамып отырды, жаңа мектептер пайда болды, цехтар жаңғыртылды, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды.

Қазіргі кезде ұйым Орынбор қаласының жалпы саны 13 мың бала оқитын 29 мектебіне (оның бір бөлігі буфеттер), Орынбор қаласының Солтүстік округіндегі жалпы саны 9 мыңнан астам тәрбиеленушісі бар 38 балабақшаға қызмет етеді.

Пікір қалдырыңыз