Ақтөбеліктер футболдан Әлем чемпионатын Президент саябағындағы экраннан тамашалайды

Ақтөбе әкімдігі футбол жанкүйерлері үшін тікелей эфир ұйымдастырады. Кез келген ақтөбелік Президент саябағына барып, сүйікті командасына қолдау білдіре алады.

«Егер сіз футболды жақсы көрсеңіз және Ресейде жалауын көтерген әлем чемпионатының матчтарын достарыңызбен немесе отбасыңызбен бірге тамашалағыңыз келсе, Тұңғыш Президент атындағы саябаққа шақырамыз. 14-15-16 маусымда сағат 20:00-де үлкен ЛЭД-экран арқылы қызықты матчтардың трансляциясы ұйымдастырылады»,- деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, әкімдік 14 маусымда сағат 20:00-де Тұңғыш Президент атындағы саябақта біріншіліктің алғашқы ойыны, яғни, Ресей мен Сауд Арабиясы командаларының кездесуі трансляцияланады.

Пікір қалдырыңыз