Ақтөбеде кәріз суын сорғылайтын жеке кәсіпкерлерге талон алу міндеттелді

Көрнекі фото: diapazon.kz

Ақтөбеде кәріз суын тасымалдайтын көлік иелері үш текше метр үшін 215 теңге төлеуі тиіс. Бұл тәртіп 1 шілдеден бастап енгізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер иелері кәріз суына ақша төлейді. Ал жеке үйлер бұл қызмет үшін төлемейді. Су сору қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер бұған дейін үш текше метрлік көлікке айына 15 мың теңге төледі. Сыйымдылығы 4-5 текше метр «Зил» көлігіне 23 мың теңге, «КамАЗға» 28 мың теңге болды. Яғни, бір кәсіпкер 15 мың төлеп, айына 10-20 рет қызмет көрсетуі мүмкін, кейбірі 5-10 рет су сору жұмысын жүргізеді. Бәрі бірдей 15 мың теңге төлеу әділетті емес әрі де де қанша кәріз суы келіп жатқанын білмейміз. Сондықтан бір ай бұрын ескертіп, ортақ талап қойылды,- деді «Ақбұлақ» АҚ президенті Асан Ибраев.

Айта кетейік, «Ақбұлақ» АҚ-ы өткен жылы 3 кәріз суын құю станциясын салды. Бұл жұмыстарға 370 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қазір бұл станцияларда арнайы жұмысшылар еңбек етіп жүр. Олар тәртіпті бақылап отырады.

Пікір қалдырыңыз