Мәулен Әшімбаев Ақтөбедегі ІТ сыныптың жұмысымен танысты

Ақтөбеге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев келді. Алдымен ІТ сыныптың жұмысымен танысып, Бестамақ ауылындағы партиялық жобалардың іске асырылуын қарап шықты.

Мәулен Әшімбаев алдымен №56 орта мектепте болып, ІТ сыныптың жұмысымен танысты, компьютерде отырған балалармен сөйлесті.

«ІТ сыныптың ашылғанына 10 күн болды. Балалар екі бағдарламаны меңгеруді бастады. Қазір бірінші лек білім алып жатыр. Жаз айларында барлығы үш лек болады. Алдағы уақытта балалар web дизайн құра бастайды», — ІТ сынып жетекшісі Руслан Тұрсынбай.

ІТ сынып оқушысы Серік Базылбек кітапхана дизайнын бастады. Ерекшелігі кітапханада терезе көп. Оқырман үшін күн сәулесі жарық беріп тұрады. Мұнда робототехника кабинеті де бар.
«Бақытты бала» жобасы аясында қаржы бөлініп, 8 мектепке компьютермен қамтылды. Барлық ауданда ІТ сынып болады. 1 қыркүйекте 20 мектепте робототехника кабинеті жұмыс істейді»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Оқушылар енді робототехникамен жүйелі түрде шұғылданып, ой-өрісін кеңіте алады.

«Робототехника — болашақ мамандығы. Мектепте үйренсе, болашақта мықты ІТ маман бола алады. Жұмыс та табылады. Робототехника мен бағдарламалау кластарына шетелдің әдістемелерін қарап жатырмыз «,- деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, ІТ сыныпқа қажетті 21 маман Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыды. Алдағы уақытта тағы 35 мұғалім білімін жетілдіреді. Барлығы облыста 58 робототехника кабинеті бар, 44 үйірме жұмыс істейді. 12 аудан мен Ақтөбе қаласында орталық ашылды. Барлығы 3 мыңға жуық бала қамтылды. 20 кабинетті жасақтауға 70 миллион теңге бөлінді.

Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарын Бестамақта жалғастырды. Онда кітапханаға, спорт алаңы мен «Күншуақ» балалар лагеріне барады.

Пікір қалдырыңыз