Жазғы демалыста тәртіп бұзған балалар есепке алынды

Ақтөбеде «Демалыс» жедел алдын алу шарасы өтті. Барлығы 39 жасөспірім ішкі істер бөлімінің есебіне алынды.

Ақтөбеде жаз айының алғашқы онкүндігінде балалар бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізді.

«Барлығы 156 жасөспірім ішкі істер бөліміне жеткізілді. Оның 147-сі әкімшілік құқық бұзушылық, 9-ы ата-ананың қарауынсыз, қадағалаусыз қалған. Ал ата-ана, қамқоршылар тапарынан 318 құқықбұзушылық анықталды. Яғни, бала тәрбиесінде өз міндеттерін толық орындамады, түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жіберіп, дүкендерде темекі мен ішімдік сатты. Шара кезінде 39 кәмелетке толмаған жасөспірім ІІБ есебіне алынды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз