Облыс әкімінің орынбасары «Ақтөбе» футбол клубы жайлы: Қарыз бойынша заңгерлер жұмыс істеп жатыр

Облыс пен футбол әкімшілігі журналистердің алдында «Ақтөбе» клубының жағдайын баяндап берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Клубтың қаржылық мәселесі мәз емес екендігін мойындаған облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев сот отырыстарының шешімін күтіп отыр. Оның айтуынша, клубқа талап қойған футболшылар «Ақтөбе» футбол командасымен доллар валютасында келісімшарт жасасқан.

«Клубтың 2018 жылғы қаржыландыру мәселесі толығымен шешілген. Тек өткен жылдардағы қарыздар бойынша мәселе туындап тұр. Бірақ ескерткім келеді, әрбір талап-арыз бойынша сот отырысы болып жатыр. Олар кезінде келісімшартты доллармен жасаған. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы. Соның барлығы сот отырысында қаралып жатыр. Сондықтан қарыздың нақты соммасы туралы айту қате деп ойлаймын. Қазіргі таңда заңгерлер жұмыс істеуде. Қарыз және ФИФА шегерген алты ұпай мәселесіне қатысты сот үкімі біздің пайдамызға шешіледі деп үміттенеміз», — деді Ербол Нұрғалиев.

Пікір қалдырыңыз