ӘЧ-2018: Ашылу салтанатында Робби Уильямс ән шырқайды
14 маусым күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатында британиялық белгілі әнші Робби Уильямс өнер көрсетеді. Бұл жайлы ФИФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Анадолы агенттігі хабарлайды.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы матчы болады. Онда Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары кездеседі.
Сондай-ақ салтанатты шараға екі дүркін әлем чемпионы Роналдо мен ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина да қатысады.