9 мың ақтөбелік жеке клинкаларда тегін емделе алды

Облыс тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын түсіне бастады.

Қазіргі таңда 22 жеке медициналық ұйым 29 қызмет түрін көрсетуге сақтандыру қорымен келісімшартқа отырды. Басқаша айтқанда, «Дару», «Көзқарас», «Интертичь», «Қуаныш» секілді жеке клиникалар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында белгілі бір қызметтер бойынша науқастарды тегін қабылдай алады.

«Ол үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша дәрігеріңізден жолдама алуыңыз керек. Ол сіздің қандай да бір медициналық көмекке зәру екеніңізді растайды. Содан кейін, дәрігер электронды базадан ауруханалардағы бос орындардың тізімін қарап, науқасқа өзіне ыңғайлы клиниканы таңдау ұсынылады», — дейді Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының бөлім жетекшісі Салтанат Оңғар.

Жыл басынан бері шамамен 9 мың ақтөбелік жеке клиникаларда тегін медициналық көмек алды. Соның ішінде 5 700 науқас жеке клиникалардың стационарында ем-дом алса, 3 280 адам күндізгі стационарда ем қабылдады.

Медсақтандыру жүйесі аясында тегін медициналық көмек көрсетіп жатқан жеке клиникалар жайлы толық ақпаратты 972-322 телефоны арқылы біле аласыздар.

Қамбар Мұқашев

Пікір қалдырыңыз