Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, қорғау және мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін құрылған Кеңес отырысы жыл басынын бері осымен бесінші рет өтті. Кеңес жұмысында кәсіпкерлер палатасына өтініш білдірген екі бизнес өкілінің шағымдары талқыланды.

«Ойыл Инвест Холдинг» ЖШС директорының орынбасары Бауыржан Қожантаев Ойыл аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері кәсіпкерді тауарға қосылатын құн салығын төлеу тізімінен 2017 жылдың қыркүйек айынан 15 қарашаға дейінгі уақыт аралығында заңсыз тіркеуден шығарғанын, салдарынан 9 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болып отырғанын айтып арызданды.

Оған жауап ретінде Ақтөбе облысы мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Отызбай Адаев басқарма мамандарының заң талаптарына сай әрекет жасағанын, хабарлама жіберу үшін кәсіпкерді көрсетілген мекен-жай бойынша таба алмағанын айтып ақталды. ЖШС өкілі хабарламаны көрмегенін, ал бұл өз кезегінде шешімнің заңдылығына күмән туғызатынын жеткізді.

Бұл мәселеге байланысты Кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салды. Олар бірауыздан кәсіпкердің қызметіне мейлінше кедергі жасалмауы керек деген пікірлерін білдірді. Қос тараптың Кеңес талқылауында біржақты мәмілеге келе алмауы себепті, мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс тобын құру шешілді.

Кеңесте көтерілген екінші мәселе «Техно-С» директорының арызына байланысты болды. Арызға сәйкес, ЖШС басшысы заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан мүлкі мен бас бостандығынан айырылып, беделіне нұқсан келу қаупі бар.

Кәсіпкердің өтінішінде көрсетілгендей, тапсырыс беруші «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы 3-қабатты стационар және 2-қабатты емхананы күрделі жөндеу» жұмыстарын толық орындаған. Бірақ кәсіпкерге қатысты Ақтөбе облысы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлері азамат Б.К.Жалбағаевтың арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары сот сараптамасының қорытындысы тым ертерек шығарылған, себебі сот сарапшысы сараптама жүргізген кезде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы жұмысты орындауға қатысты хаттама есепке алынбаған (желдету жүйесінің өзгеруіне байланысты есіктер мен басқа да метариалдар ауыстырылған болатын) деген тоқтамға келді.

Бұл мәселе бойынша кеңес мүшелері үшінші жақтың арызы негізінде қылмыстық істің қозғалуы заңсыз деген пікірде. Кеңестің қортындысы бойынша, бұл іс Ақтөбе облысының прокуратурасының қарауына жіберілетін болды.

Бұл екі мәселе де биылғы сәуір айында Ақтөбеде өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовпен кездесу кезінде көтерілді. Яғни, жағдай жергілікті деңгейде шешілмейтін болса, бұдан әрі республикалық уәкілетті органдардың қарауына беріледі.

Кеңестегі талқылау әдеттегідей тартысты өтті. Өйткені таразының бір басында онсыз да өз күнін өзі көріп жүрген кәсіпкерлердің бизнесін сақтап қалу, екінші жағында мемлекеттік органдардың шешімінің дұрыс, бұрыстығына қарамай өзгертуге құлықсызыдығы тұрған еді.

«Әрбір кәсіпкер — бұл, ең алдымен, салық төлеуші, мемлекеттік бюджетке табыс әкелуші. Яғни, кәсіпкерді жазалау барысында оған мейлінше ниеттестік танытылса дейміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Онда кәсіпкердің қызметін тексеруді профилактикалық негізде жүргізу керектігі айтылған. Осы талап орындалса ғана бизнес жүргізу жүйесі алға басатын болады», — деді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Есімхан Құрманғазин.

Пікір қалдырыңыз