Республикалық Әкелер форумына қатысушылар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына жоғары баға берді

Форумда сөз алып, ойын білдірген қатысушылар соңғы жылдары жасалған жұмыстарды тізбектеп, облыс әкімінің жұмысына сүйсініп қарайтындықтарын жасырмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Үшінші мәрте өткізіліп отырған Республикалық форумға әр қаладан делегаттар келіп, әкелердің балаларға берер тәрбиесі жайлы ой қозғады. Облыста атқарылып жатқан жұмыстарды жарыса айтқан қатысушылар Бердібек Сапарбаевқа ерекше алғысын жеткізді.

«Барлығымыз бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғанымыздай мына 24 мың халықтың баспаналы болуы, денсаулық сақтау, спорт кешендерінің салынуы, 26 мектептің құрылысы, «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығынң құрылысы, кешегі мемлекеттік хатшының қатысуымен ашылған лагерь, неке сарайы, осының барлығы халық игілігі үшін деп түсінеміз. Үлкен істерді ұйымдастырып жүрген облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы барлық форумға қатысушы жандардың атынан алғысымызды білдіреміз», — деді Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен.

«Bal-bala» ойыншықтарын таныстырып, бала тәрбиесімен бөліскен көпбалалы әке Қыдырәлі Болманов та өңір басшысының жұмысына сүйсінетінін айтты.

«Биыл «Балалар жылы» қылып өткізіп, осы жылдың аясында көптеген дүниелер жасалып жатқан Ақтөбеге үлкен рахметімді айтқым келеді. Бердібек Мәшбекұлына зор алғысымды жеткізгім келеді. Өткенде бір келгенде «Мейірім» жасөспірімдер орталығын көрген кезде көзімізге жас келді. Қараңыздаршы, аз ғана уақыттың ішінде қаншама ғимарат!? Осыны көре тұра ақтөбеліктерге қалай ғана сүйсінбейсің,!», — деді әнші Қыдырәлі Болманов

Пікір қалдырыңыз