Мәжіліс депутаты Ақтөбе облысының бас ұстазының жұмысына тәнті болды

Белгілі қоғам жанашыры Бақытбек Смағұл Ақтөбе облысында мектеп формасының бір жолға қойылғанына қуанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Орамал таққан оқушыларға байланысты мәселе көтерілген кезде Ақтөбе өңіріне келіп кездесулер өткізген мәжіліс депутаты қазіргі таңдағы жұмыс нәтижесіне жоғары баға берді.

«Біраз уақыт бұрын осы жерге келген кезде сол мектеп тәртібін сақтағысы келмеген ата-ана мен 340 баланың тағдыры тұр еді. Қазір ғана бір іске, облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолқызының жасаған баяндамасына тәнті болып отырмын. Соншама оқушыдан тек алты бала қалған. Шалқардан екеуі болса, қалған төртеуі қаланың өзінен екен. Мұның барлығы ұйымдасқан жұмыстың арқасы деп ойлаймын», — дейді мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

Барлығын біркелкі мектеп формасын сақтауға шақырған қоғам жанашыры діни тәрбие мен зайырлы білім алу екеуі екі бөлек дүние екенін түсіндірді.

«Біздің заманда діни тәрбие беру мен зайырлы білім алу екеуі бір-біріне жақын. Бірақ, екеуі екі бөлек жұмыс. Әрқайсының өз заңдылығы бар. Соны сақтағанымыз жөн. Заңға бағыну, мектеп қабырғасында бекітілген форманы кию — әрбір отаншыл азаматтың міндеті деп білемін», — деді депутат Бақытбек Смағұл.

Пікір қалдырыңыз