Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбенің артықшылықтарын атап берді

Ақтөбеге келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбе облысының артықшылығына тоқталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бүгінде облыста халық санының өсуі, пайдалы қазбалардың молдығы, ғылым мен мәдениеттің дамуы ғана емес, түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп, қоғамдағы келісімнің іргетасын бекіте түсу бағытында ауқымды істер атқарылып келе жатыр. Мұның барлығы Ақтөбені Қазақстанның урбанистік, төрт заманауи орталығының бірі ретінде айқындап берген Мемлекет басшысының ел бірлігін бәрінен биік қоятын сындарлы саясатының нәтижесі», — деді Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Тарихтан тағылым –өткенге тағзым» атты халықаралық форумда.

Форум кезінде ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарындағы деректер айтылып, Қазақстанға депортацияланған өзге ұлт өкілдерінің тұрмысы баяндалды.

Пікір қалдырыңыз